Италияда сейсенбіге дейін су тасқыны қаупіне байланысты қауіп-қатердің қызыл және қызғылт сары деңгейі сақталады.
Италияда су тасқыны болды, Франция да зардап шекті
Фото: видеодан алынды
663
оқылды

Италияда сейсенбіге дейін су тасқыны қаупіне байланысты қауіп-қатердің қызыл және қызғылт сары деңгейі сақталады. Орталық Францияда табиғат апаты елге үлкен залал келтіріп, халықты жарықсыз қалдырған,  – деп хабарлады euronews.com.

Бүкіл Италия бойынша ауа райына байланысты қызыл және қызғылт сары ескерту жарияланды,  қатты жаңбырдың салдарынан елде су тасқыны болып жатыр. 

Бәрінен бұрын Эмилия-Романья аймағы көп зардап шеккен: Болоньеде ішінде бала отырған көлікті су тасқыны ағызып әкеткен. 

Эльса және Сальсо өзендері арнасынан асып, екі өңірдің тұрғындарына аса қажеттілік болмаса, жол жүрмеуге кеңес берілді.  

Қауіптілік деңгейі сейсенбіге дейін төмендетілмейді деп күтілуде. 

Францияда су тасқыны салдарынан жарық сөнген. 

Тұрғындардың көбі үйлеріне оралғанмен, үйлері су астында қалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.