"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының ресми деректеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірде 3 224 отбасы некесін қидырған.
Биыл Қызылордада 60 жастан асқан 23 отбасы заңды некеге тұрған
1,258
оқылды

Оның басым көпшілігі – 25 пен 34 жас аралығындағылар. Сонымен қатар  биыл 60 жастан асқан 23 отбасы заңды некеге тұрған. Ал өткен жылы некесін қидырған зейнет жасындағы азаматтардың саны  – 15.

Қызылордада некесін қидырғанның ең үлкені  – 72 жастағы ақсақал. Есенбай мен Құлбике Тәшкенбаевтар араға 25 жыл өткен соң заңды некеге тұрған. Зейнеткерлер ұзақ уақыт бойы некесін заңдастырмаған.

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, күнделікті қарбалас күндермен АХАТ-қа өтініш беруді кейінге қалдырып келген.

– Осы жылы ғана қарым-қатынасымызды ресми тіркеуге қол жетті. Өтінішті онлайн режимінде бердік. Онлайн түрде өзіміз жасай алмас едік, бізге немерелеріміз көмектесті. Қазір қолымызда неке қию туралы куәлігіміз бар, – дейді Есенбай Тәшкенбаев.

Ал Құлбике Тәшкенбаева бұған дейін ұялу сезімі болғанын жасырмайды. Бірақ  мұны өмірлік тәжірибесі жеңіп шыққан. 

– Тағдыр бізді біріктірді, мен оған өте қуаныштымын. Бұрын мен адамдар осы жаста үйленеді ме деген ойдан ұялатынмын. Бірақ жинақталған өмірлік тәжірибе мен даналық осындай қадамға саналы түрде баруға мүмкіндік береді,  – дейді ол.