Республика бойынша жел күшейеді және тұман түсуі ықтимал.
Алдағы күндері бірнеше аймақта қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады
915
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атлантикалық циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Сәйкесінше, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, батыс және оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, жекелеген облыстарда күндіз найзағай күтіледі.

23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ал 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді және тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.