2024 жылғы 21 қазанда Ақтөбе облысында Республика күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Талдысай ауылында 100 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ошағы заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Жаңа мектеп ашылды
159
оқылды

Салтанатты іс-шараға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. 

«Осы күнге дейін балалар 30 жылға жуық кеңес дәуірінен қалған көне ғимаратта білім алып келген болатын. Бүгін «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген 100 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Республика күні қарсаңында ашылған білім ошағымен жерлес­терімді құттықтаймын. Ұл-қыздарымыз сапалы бі­лім алуы үшін оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев.

Жаңа ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 10 пән кабинеті, 3 интерактивті тақта, 30 компьютер және толық жабдықталған зертханалар бар. Сонымен қатар мектепте спортзал, асхана және мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң мен балалар ойын алаңы орналасқан. 

Жаңа мектеп Талдысай ауылының оқушылары үшін сапалы білім алуға қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етеді.