Елордадағы «Көктал» саябағында Республика күніне орай спортсүйер қауым арасында жаппай жүгіріс өтті. Спорттық іс-шараға қаланың 500-ге жуық тұрғыны қатысты.
Республика күніне орай жаппай жүгіріс өтті
135
оқылды

«Бұл спорттық іс-шара, ең алдымен, халық арасында салауатты өмір салтын дамытуға, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған», – деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкері Дамир Хисматуллин.

Марафон «Көктал» саябағынан бас­талып, Бейбарыс Сұлтан көшесінде жал­ғасты. Жарыста кейбір қатысушылар Marvel комикс кейіпкерлерінің жарқын костюм­дерімен таңғалдырды. Мысалы, Өрмекші адам және Бэтмен кейіпкерлерінің костюм­дерін киген қатысушылар жарыстың қызы­ғын келтірді. Жарысқа қатысқан спортсүйер қауым бірнеше санатта бақ сынасты. Балалар арасында 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, ересектер арасында 18 бен 49 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер және 50 жастан асқан тұрғындар қатысты.

14 жасқа дейінгі ұлдар үшін қашықтық – 2 шақырым, ал қыздар үшін – 1 ша­қырым. Қалған санаттағы қатысушылар бір­дей қашықтықты 5 шақырым жүгірді.

«Мен жарыстарға Астанада ғана қатыс­паймын. Марафон өте жақсы өтті, қатыс­қаныма қуаныштымын. Мен үшін әрқашан физикалық жағдайымды бағалау маңызды және осындай іс-шарамен спорттағы нәтижем жақсарады», – деді марафонға қатысушы Данияр Ахтанов.

Соңында балалар мен ересектер ара­сындағы марафонға қатысушыларды мара­паттау рәсімі өтті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғысхат пен медальдарға, сондай-ақ бағалы сыйлықтарға ие болды.