Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді.
Қар, жел, тұман: 22 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
191
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуінен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда түнгі сағаттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.