"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райына байланысты бірқатар өңір жүргізушілеріне ескерту жасады.
"ҚазАвтоЖол" 12 өңірде ескерту жариялады
Фото: istockphoto.com
754
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райына байланысты бірқатар өңір жүргізушілеріне ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"22 қазанда Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.