Төтенше жағдайлар департаменті трансформаторлық қосалқы станция жанып жатқанын мәлімдеді.
Алматы әкімдігі маңында өрт шықты
Фото: видеодан алынды
323
оқылды

Желіде Алматы әкімдігінің жанынан шыққан қара түтін бейнеленген видео пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті трансформаторлық қосалқы станция жанып жатқанын мәлімдеді.

Желіде жарияланған видеодан қара түтінді көруге болады. "За нами уже выехали" Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Алматы әкімдігінің аумағында өрт шыққан.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Желтоқсан, 185/1 мекенжайында трансформаторлық қосалқы станция өртеніп жатыр.

"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер нысанды токтан ажырату және өртті сөндіру шараларын жүргізуде", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.