Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу салды.
Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты тың дерек шықты
Фото: instagram.com/police_almobl
4,692
оқылды

Алматы облысы Полиция департаменті Талғарда зорлық жасағаны үшін қамаудан қашып кеткен күдіктіге қатысты тың дерек жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз. Егер Сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін күдіктіні ұстау үшін жолдарға блокбекеттер қойылғаны хабарланған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.