Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған.
Астанада сату үшін есірткі өндірмек болған қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды
Фото: istockphoto.com
146
оқылды

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоғарыда аталып кеткен топ кейіннен Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген.

Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған.

"Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды. Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында, аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.