Ақмола, СҚО және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
«ҚазАвтоЖол» бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жасады
290
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық автожолдардағы ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

23 қазанда  Алматы, Ақтөбе, Абай, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады.

Ал Ақмола, СҚО және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

– Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген ақпаратта.