Тосынсыйға ие болған әнші мұндай сыйлық күтпегенін айтып, көзіне жас алды.
«Түрлі сынақ келгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым»: блогер Алтынай Жорабаеваға қымбат көлік сыйлады
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
420
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаеваға құрбысы, фудблогер туған күні қарасаңында Lexus көлігін сыйға  тартты, – деп жазды Aikyn.kz.   

Тосынсыйға ие болған әнші мұндай сыйлық күтпегенін айтып, көзіне жас алды.

«Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, “Алтынай әпке, мына машина сіздікі” деп жазып қойыпты. Кешке кішігірім атап өтеміз. Ет асып жатырмын», – деді әнші. 

Тосынсый жасаған әншінің құрбысы Индира Жақыпова жантебірентерлік жазба жариялап, Алтынай Жорабаева қиын сәтте қолдау бірдіргенін айтты. 

«Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!» – деп жазды блогер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.