Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Туған күнімде қайғылы хабар естіп, мең-зең болып қалдым»: Алтынай Жорабаева жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
32,138
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева 46 жасқа толған туған күнінде қайғылы хабар естігенін айтты, - деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Құрманайымыз Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Жаның жәннатта болсын, Жанысымның анасы. Туған күнімде осындай суыт хабар естіп, мең-зең болып қалдым. ...Құрмашым менің! Бірде Алланың қалауымен, бүкіл халықтың дұғасымен бас көтеріп, қайтадан ортамызға оралып едің. Осы жолы комаға түсіп қалғаныңды байқамай қалдық. Алланың қалауы болды. Туған күніме қарамастан, өзіңмен қоштасуға жол тарттым", - деді ол. 

Алтынай Жорабаева ақынның қызы Әминаға арнап шығарған өлеңін жариялап, құрбысымен соңғы сөйлескен сәтін еске алды.

"Құрмаш екеуміздің WhatsApp-та соңғы сөйлескеніміз осы екен. Әминаға өлең арнап, 16 қараша жеке шығармашылық кешін жоспарлап, қайтадан жасамайтыны жайында осылай сөйлесіппіз. Бақұл бол. Әрқашан жүрегіміздесің, жарқыраған жарық жұлдызымыз. Аллам, Құрманай Бахтиярқызының біліп-білмей жасаған қате, күнә, кемшіліктерін кешіре гөр", - деп жазды Алтынай Жорабаева. 

Құрманай Бақтиярқызын әріптестері, жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Сазгер, ақын туған жері Қазығұрт ауданында жерленді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.