Қайрат Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Қайрат Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
187
оқылды
«Ақорданың» хабарлауынша, Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. «Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды» делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Бағдат Мусиннің Президенттің кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.