Індеттің алдын аламыз десек...
Індеттің алдын аламыз десек...
458
оқылды
Сонымен Қазақстан өз та­рихында ал­ғаш рет рес­­публикалық деңгей­де тө­тенше жағ­дай жа­рия­л­анды. Жаһандағы эпи­­­де­­мио­ло­гиялық жағ­дай­дың ушы­ғуына байла­нысты қабыл­данған бұл ше­шім ең ал­дымен отан­дас­та­ры­мыздың қауіпсіздігі үшін қажет болғаны сөзсіз. Де­генмен мем­лекеттің коро­навирус кесірінен амал­сыз барған бұл қадамы бұ­қа­раны алаңдатпауы тиіс. Бәрі де уақытша дүние. Жыл басынан бері денсаулық сақтау саласының мамандары ха­лықты қаншама рет ескерт­кені­мен, кейбір азаматтардың сал­ғырт­тығы мен немқұрайды қарауы вирустың елімізге де жетуіне себеп болып отыр. Әрине, әзірге дертті жұқ­тырғандар саны көп емес, алай­да сақтық шаралары қабыл­данбаса, ол бірден өршіп кетуі мүм­кін. Сол себепті бұқараның тө­­тенше жағдай кезінде тиісті құ­рылымдар тарат­қан нұсқау­лық­тарды бұлжытпай орындағаны маңызды. Қолды жуып-шаю, мас­ка тағу және жиын-тойдан аулақ болу қатарлы түрлі кеңестер қал­жыңға айналдыратын дүние емес. Мұндай шаралар көптің амандығы үшін қажет. Оның үстіне, мемле­кет те бұқараның күнделікті тұр­мы­сы­на кері әсер етуі мүмкін фак­­тор­лардың алдын алуға барын салып жатыр. Әрине, бірінші ке­зекте денсаулықтың маңызды еке­нін ескере отырып, мектеп оқу­шыла­рын демалысқа жіберіп, студент­терді қашықтан оқу жүйе­сіне кө­шірді. Көптеген мекемеде сақтық шаралары күшейтілді. Ел­ден сырт­қа шығуға және келуге шектеу қойылды. Бекеттерде ар­найы ор­ын­дар жаб­дықталып жа­тыр. Азық-түлік пен күнделікті тұ­ты­на­тын тауар­лар­дың бағасын ба­қы­лауды, олардың тапшылығын ту­дырмауды басты назарда ұстап отыр. Бұқа­раның арасында жұ­мыссыздық жайламас үшін кәсіп­керлікті қо­л­дауға 300 млрд теңге қарастырды. Бір сөзбен айтқанда, күрделі ке­зеңде халықтың салы суға кетпеу үшін барлық шара ес­керілді. Президент Қасым-Жо­март Тоқаев «Мен мем­лекет қыз­метінің тұрақ­тылы­ғын қам­та­ма­сыз ету шара­лары туралы Жар­лыққа қол қой­дым. Бұл құжат мем­лекет­тік ор­гандар­дың тиім­ділігін арт­тырып, билік вертикалін нығай­тып, дағ­дарыс жағдайында барлық қажетті ше­шімдерді жедел қабыл­дауға мүм­кіндік береді. Қа­жет болса, салық саласын да қам­тиды. Жар­лық дәрі-дәрмек пен өзге де қа­жетті сатып алуды оң­тайлан­ды­рылған тәртіпте, әсіресе отан­дық өнді­рушілерден сатып алу құқығын береді» дей отырып, түрлі мемле­кеттік меке­мелердің төтен­ше жағ­дай кезінде айрықша ре­жим­де жұ­мыс істеуге көшкенін тұспал­дады. Бұл мем­ле­кеттің қо­сым­ша шаралар қабыл­дауға әзір екенін көрсетіп тұр.    width=

Еуропа да тітіреп тұр

Соңғы деректерге қарағанда, COVID-19 вирусы жаһанда тек Океанияның бірнеше еліне ғана жетпегені белгілі болды. Қауіпті эпи­демия өзге құрлықтардың бар­лы­ғында тіркелген. Меди­ци­на­сы дамыған Еуропа елдерінде де қазір жағдай өте күрделі. Сон­дықтан ка­рантин тәртібін енгізген мемле­кеттер қатары сәт сайын артып ке­леді. Мәселен, Испания 15 күн­дік карантин енгізді. Ис­пан­дықтар енді үйлерінен тек азық-түлік алуға немесе өте ма­ңызды шаруа болса ғана шығатын болады. Ел премьері Педро Сан­чес коронавируспен күреске ар­мияны да жұмылдыруға даяр еке­нін мәлімдеді. Өйткені Испа­ния Еуропада COVID-19 ви­русы­нан өлгендер саны жөнінен екінші орынға шықты. Елде 6 мың­нан астам адам вирус жұқ­тыр­са, олар­дың 193-і көз жұмған. Ал Италияда індет жұқтырғандар саны 20 мың­ға жақындап, 1 260-тан астам адам өмірден өтті. Италияда карантин 9 наурыз күні енгізілді. Сонымен қатар Еуропаның тағы бір қуатты мемлекеті Францияда да эпиде­мияға қатысты қатаң шаралар қабылданып жатыр. Бұл елде 4,5 мың адам індет жұқтырып, 100-ге жуығы көз жұмды. Сондық­тан ел билігі азаматтардың қо­ғамдық орындарға, мейрамханалар мен дәмханаларға, кинотеатрлар мен түнгі клубтарға баруына, түрлі шара өткізуге тыйым салды. Тіпті, ірі сауда орталықтарының да қызметіне шектеу қойылды. Тек азық-түлік пен өте маңызды зат­тар сататын дүкендер ғана жұмыс істеп тұр. Қазір Еуропаның Герма­ния, Ұлыбритания тәрізді елде­рінде қозғалыс шектелген. Дания, Чехия, Словакия, Польша, Ук­раина қа­тарлы елдер шетелдіктерді елге мүлдем кіргізбеуге бекінді. Өйткені Еуропа мемлекеттері індеттің өршіп кетуіне жол беріп алды да, қазір кәрі құрлық эпи­демия орта­лығына айналып бара жатыр. Одан бөлек, АҚШ-та тө­тенше жағдай жариялады. Ал Қазақстан болса, төтенше жағ­дайды індет тарамай тұрып енгізу арқылы, COVID-19 вирусының кеңінен таралуының алдын алуға ұмтылуда. Демек, төтенше жағ­дайдың мемлекет пен азаматтар қауіпсіздігі үшін ұйым­дасты­рылған шара екенін назардан тыс қалдырмаған дұрыс.  

Бәрі өзімізге байланысты

Еліміздегі төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін созылады. Ресми түрде солай жарияланды. Алайда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауы, сақтану шараларын бұлжытпауы індеттің жайылуына жол бермеуі мүмкін екенін ескеру керек. Демек, құзырлы мекемелер таратқан нұсқаулықтарды орын­дау төтенше жағдайдың уақытын да қысқартуға септігін тигізуі мүм­кін. Сондықтан көпшілік жи­налатын орындарға бару, той-томалақ жа­сауға, шетелге шығуға ұмтылу құптарлық іс емес. Егер сақтану шараларына мұқият болсақ, ін­деттің таралу қаупі се­йілсе, төтен­ше жағдай режимі 30 күннен аз болуы да ғажап емес.  

Ардақ СҰЛТАН