Парламент Мәжілісі қашықтан жұмыс режиміне көшеді
Парламент Мәжілісі қашықтан жұмыс режиміне көшеді
143
оқылды
Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтан жұмыс режиміне көшеді, - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді. Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, «үкімет сағаттары», жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады.