Тоқаев пен Мирзиёев коронавируспен күреске қатысты шараларды талқылады
Тоқаев пен Мирзиёев коронавируспен күреске қатысты шараларды талқылады
5,156
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты.
Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты. Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.