Алматыда жолдар  жуылып жатыр
Алматыда жолдар  жуылып жатыр
141
оқылды
Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев карантин жағдайындағы жұмыстар туралы баяндады. «Бүгінде Алматыдағы төтенше жағдайлар режиміне байланысты қалалық коммуналдық қызметтерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Барлық көшелер мен тротуарларды және жаяу жүргіншілер жолдарын жуу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы көлемі 29 миллион шаршы метр. 230 жолды жуу үшін 50-ден астам тротуарлады тазалайтын машиналар тартылған. Қаладағы қоқыс жәшіктеріне, саябақтар мен скверлердегі балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде» деді Диас Ахметқалиев. Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтарды шығарғаннан кейін барлық арнайы техникалар (268 бірлік қоқыс таситын көлік) дезинфекциялаудан өткізіледі. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ