Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңға жетті
Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңға жетті
©REUTERS
291
оқылды
Германияда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 2,8 мыңға өсті, 20 адам қайтыс болған. Бұл туралы Роберт Кох институты мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бейсенді 00:00-дегі жағдай бойынша 10999 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына кіретін Роберт Кох институты елде вирус жұқтырғандардың статистикасын жасап отырады. Бірақ оның мәліметтері БАҚ-тағы сандардан басқаша.
Қазір елдің Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағында вирус қатты тарап жатыр. Бүгінде 3 мыңнан аса (бір тәулікте 661) адам вирус жұқтырған. Бавария мен Баден-Вюртембергте - тиісінше, 1692 (449) және 2155  (546). Германия астанасы Берлинде бір тәулікте 182 адам вирус жұқтырған, қазір олардың саны - 573. Германиялық БАҚ сәрсенбіде 12,3 мың адам коронавирус жұқтырғанын, ал 31 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді.