Карантин: Алматыда мешіттер жабылды
Карантин: Алматыда мешіттер жабылды
© сурет интернеттен алынды
5,199
оқылды
Карантинге байланысты Алматыдағы барлық мешіттер уақытша жабылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сай аталған шектеу азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында енгізіліп отыр. 17 наурыздан бастап ел мешіттерінде жұма-намаз тоқтатылды. Осыған байланысты әр мұсылман азамат бесін намазын үйінде оқиды. Басқарма өкілдері бұл жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады. Еске сала кетейік, коронавирустың таралуының алдын алу үшін 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды.