Түркияда коронавирустан төрт адам қайтыс болды
Түркияда коронавирустан төрт адам қайтыс болды
254
оқылды
Түркияда коронавирустың жаңа түрінен төртінші адам қайтыс болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. «Біз Covid-19 диагнозы қойылған 85 жастағы пациентімізден айырылып қалдық. Өкінішке қарай, коронавирустан қаза тапқан саны төртке жетті», - деп жазды елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter парақшасында. Оның айтуынша, Түркияда соңғы тәуліктерде 168 адам жаңадан вирус жұқтырған. Жалпы, ел аумағында қауіпті індетке шалдыққандар саны – 359.