Коронавирусқа шалдыққандар саны 97-ге жетті
Коронавирусқа шалдыққандар саны 97-ге жетті
Фото: Интернеттен алынды
201
оқылды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Қазақстан бойынша 97 науқас тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 55 адам Алматы қаласында – 34 адам Қарағанды каласында – 2 адам Шымкент қаласында – 2 адам Алматы облысында – 1 адам Ақтобе облысында – 1 адам Жамбыл облысында – 1 адам Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», – деп жазған еді.