Коронавируспен күрес: Дәрігерлер айына миллион теңге алады
Коронавируспен күрес: Дәрігерлер айына миллион теңге алады
© сурет интернеттен алынды
136
оқылды
Коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге үш санат бойынша жалақысына үстемеақы қосылады, - деп мәлімдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген. Осыған орай бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда арнайы шешім қабылдады», - деді министр. Оның атап өтуінше, аталған шешімге сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3-топқа бөлінген. «Бірінші топ - бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда жұқпалы аурулар станционарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы - 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемеақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 1 млн теңгенің үстінде алады. Екінші топ - провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметтерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы - 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 600 мың теңге алады»,- деді Дәурен Абаев. Министрдің айтуынша, үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер,жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары кіреді. «Барлығы - 10 994 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемеақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар шамамен 380 мың теңге алады», - деді ол.