Елжан Біржанов коронавирустан айыққан науқастар қалай емделгенін айтты
Елжан Біржанов коронавирустан айыққан науқастар қалай емделгенін айтты
© сурет интернеттен алынды
127
оқылды
Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз, - деп мәлімдеді онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. «Арнайы клиникалық, диагностикалық және емдеу протоколы бекітілген. Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Халықаралық протокол арқылы пайдаланатын дәрілерді пайдаланудамыз. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті. 10 мың адамға арналған резервіміз бар» , - деді министр. Ол шетелдік емханалардан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын айтты. «Шетелдік емханалардан, ғылыми-зерттеу институттардан көп ұсыныс түсіп жатыр. Көбі тексерілмеген, белгісіз дәрі-дәрмектер. Мұндай ақпараттарды біздің мамандар зерттеген соң ғана протоколға енгіземіз», - дейді ол.