Мемлекет басшысы 3 миллионға жуық азамат 42 500 теңге көлемінде көмек алатынын айтты
Мемлекет басшысы 3 миллионға жуық азамат 42 500 теңге көлемінде көмек алатынын айтты
© сурет интернеттен алынды
185
оқылды
42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санаты кеңейеді, - деп мәлімдеді республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. «Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі», - деді Мемлекет басшысы. Бұған дейін хабарланғандай, Президент зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланатынын мәлім етті. «Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым»,- деді Президент.