Карантиндегі қайырымдылық: Нұр-Сұлтанда әскери қызметшілер қан тапсырды
Карантиндегі қайырымдылық: Нұр-Сұлтанда әскери қызметшілер қан тапсырды
© inform.kz
5,147
оқылды
ҚР ДСМ Ұлттық-ғылыми өндірістік трансфузиология орталығында әскери қызметшілер қан тапсырды. «Бүгін «Біз біргеміз» бағдарламасы аясында қанға мұқтаж азаматтарға көмектесу үшін жиналып отырмыз. Таңғы 9-дан бастап әскерилер қан тапсырып кетеді. Біздің бөлімшеден 100-ге жуық әскери қызметші келді. Жеке құрамның барлығы медициналық тексеруден өткен. Біздің әскерилер арасында тұрақты донорлар да бар», - деді 55/765 әскери бөлімі командирінің орынбасары Мақсат Катчибаев.