Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан 26 адам қатаң бақылауда – Гүлшара Әбдіқалықова
Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан 26 адам қатаң бақылауда – Гүлшара  Әбдіқалықова
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі коронавирус індетін жұқтырған науқастардың жай-күйін баяндады.
«Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 2, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта Қызылорда, Жаңақорған аудандары карантинге жабылды», – деді облыс әкімі «Хабар 24» телеарнасындағы мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, індеттің алдын алу шаралары толық жүргізіліп жатыр. «Ең алдымен, адамдар мен барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Барлық науқастар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Вирус тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынып жатыр», – деді Гүлшара  Әбдіқалықова.