Қазақстан сыртқы нарықтан шамамен 3 миллиард доллар қарызға алады
Қазақстан сыртқы нарықтан шамамен 3 миллиард доллар қарызға алады
© сурет интернеттен алынды
193
оқылды
Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов онлайн-брифингте Қазақстан үкіметі сыртқы нарықтан шамамен 3 миллиард доллар қарыз алуды жоспарлап отырғанын айтты.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет, оның ішінде біз 3 млрд АҚШ долларын шетелдік капитал нарырығынан қарызға алуды жоспарлап отырмыз, - деді Шолпанқұлов.
Бұған дейін ол дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге көлемінде қаражат қажет болатынын, оның 2,5 триллион теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен және 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен бөлінетінін айтты. Сонымен бірге, министрлік өкілі Ұлттық қорға тек 1 триллион теңге ғана қайтарылатынын атап өтті.
Бүгін мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып, Ұлттық қорға шамамен 1 триллион теңге түсіру жоспарланған, - деді вице-министр.