Шымкентте коронавируспен ауырған 9 адам бір отбасының мүшесі
Шымкентте коронавируспен ауырған 9 адам бір отбасының мүшесі
196
оқылды
Бүгін ​Шымкент қаласында ​ коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі мәлімдеді. Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары. Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Н. Назарбек