Коронавирусқа байланысты ит пен мысықтың етін жеуге, сатуға тыйым салынды
Коронавирусқа байланысты ит пен мысықтың етін жеуге, сатуға тыйым салынды
543
оқылды
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 1 мамырдан бастап мысық пен иттің етін сатуға және оны пайдалануға тыйым салынады. «Ит пен мысық әрбір екінші адамның үйінде кездеседі. Сондықтан олардың етін қолдануға тыйым салу – Гонконг пен Тайван секілді дамыған мемлекеттерде қалыпты жағдай» делінген биліктің ресми хабарламасында. Humane Society International мәліметінше, Қытайда жыл сайын 10 миллион ит пен 4 миллион мысықты етін қолдану үшін сойылатын көрінеді. Бұған дейін Қытайда ғалымдар коронавирус тараған болуы мүмкін деп топшылаған жабайы жануарларды сатып, олардың етін қолдануға тыйым салынған. Тек шошқа, қой, қоян, үйрек, қаз, көгершін мен басқа да үй жануарын, сондай-ақ балықтың етін қолдануға рұқсат етілген. Еске сала кетейік, Қытайдағы коронавирус індеті туралы 2019 жылдың желтоқсанында белгілі болған. Бүгінде індетті миллионнан аса адам жұқтырып, 51 мыңнан аса адам көз жұмған.