Қазақстанда төртінші адам коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанда төртінші адам коронавирустан қайтыс болды
© Сурет ғаламтордан
166
оқылды
Қайғылы оқиға Түркістан облысында тіркелді. "Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан бір өлім жағдайы тіркелді", - деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның жедел штабында. Айта кетейік, елімізде коронавирусты тіркеудің 500 оқиғасы расталды, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 202, Алматыда - 109, Қызылорда облысында - 26, Қарағанды облысында - 26, СҚО - 25, Түркістан облысында - 23, Атырау облысында - 22, Ақмола облысында - 19, Шымкентте - 12, Алматы облысында - 9, Жамбыл облысында - 9, Ақтөбе облысында - 7, ШҚО - 4, БҚО - 2, Маңғыстау облысында - 3, Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 1. Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа 36 оқиғасы тіркелді, оның ішінде Алматыда - 16, Атырау облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында-7, Жамбыл облысында - 1, Шымкентте - 1, Түркістан облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Қарағанды облысында - 4. Осылайша Қазақстанда COVID-19-дан төрт адам қайтыс болды. Бірінші көз жұмған Ақмола облысының тұрғыны болды, екінші қаза тапқан астаналық адам болды. Үшінші адам Қарағанды қаласының 62 жасар тұрғыны болды.