Атырауда covid-19 дертіне шалдыққандар саны 22 адамға жетті
Атырауда covid-19 дертіне шалдыққандар саны 22 адамға жетті
© Сурет ғаламтордан
200
оқылды
Бүгін Атырауда коронавирус инфекциялық ауруымен екі науқас тіркелді, – деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі таңда екі науқастың бойынан ​ бастапқыда вирус белгілері анықталмады. Себебі, науқастың екеуі де бұған дейін COVID-19 ​ инфекциясы табылған адаммен қарым-қатынаста болғандардың тізіміне енген еді. Вирус табылған науқастың бірі 62 ​ жастағы жергілікті тұрғын. Әйел адамның қазіргі жағдайын дәрігерлер «қанағаттанарлық» ​ деп бағалап отыр. Емделушіде жөтел және аздаған дене қызуы белгілері ​ бар. Атыраудың тізіміне 22-ші болып енген 37 жастағы ер адам инфекциондық карантинге жатқызылды. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер «науқаста пневмония болуы мүмкін» деген күдіктің барын айтады.​ Қазіргі таңда науқаста ​ дене қызуы жоқ. Бірақ, жөтел, әлсіздік және бойында ісік белгілері бар.​ 4 сәуір күнгі таңдағы жағдай бойынша, Атырауда инфекциондық стационарда 22 науқас, провизорлық стационарда ​ 27 ​ емделуші жатыр. Карантиндік стационарға 165 адам орналастырылған. ​ 1098 атыраулық үйде оқшауланған.​