COVID-19: Алматыда 2 науқас індеттен жазылып шықты
COVID-19: Алматыда 2 науқас індеттен жазылып шықты
Фото: Интернеттен алынды
193
оқылды
Алматы қаласында 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 44-ке жетті. Жазылып шыққандар 1997 және 1998 жылғы қыз балалар. Олардың бірі 15 наурызда Стамбұл ‒ Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 сәуірдің 22.05 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi. Алматы қаласында –1, Ақтөбе облысында – 1 адам, Атырау облысында 6, Қызылаорда облысында – 6 адам, Қарағанды облысында – 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында – 32 адам, Ақмола облысында – 23 адам, Атырау облысы – 24 адам, Жамбыл облысында – 28 адам, Шымкент қаласында – 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 37 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 28 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 584 науқас тіркелді.