Қарағандыда коронавирус жұқтырған 3 адам ауыр халде жатыр
Қарағандыда коронавирус жұқтырған 3 адам ауыр халде жатыр
© inform.kz
2,164
оқылды
Қарағанды облысында 6 сәуір күні тағы 16 адамнан COVID-19 анықталды. Вирус жұқтырғандардың барлығы – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері және онымен байланыста болғандар. Олардың барлығы індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып оқшауланған және ем қабылдауда, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Қарағанды облысында 6 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 48. Үш науқас реанимацияда ауыр халде жатыр, олардың біреуі өздігінен тыныс алады. Тағы үшеуінің жағдайы – орташа ауыр деңгейде. Барлық жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар оқшауланған. Қарағанды облысында үй карантинінде 1 346 адам жатыр. 862 пациент тәулік бойы бақылауда, оның ішінде 48-і инфекциялық стационарда. Пневмония мен ЖРВИ-ға күдігі бар науқастарды емдеу үшін облыс қалаларында пульмонологиялық орталықтар ашылды. Вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел бригадалар қызмет көрсетеді.