Коронавирус жұқтырған 45 баланың төртеуі жазылып шықты
Коронавирус жұқтырған 45 баланың төртеуі жазылып шықты
©coronavirus-world.ru
147
оқылды
Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған 45 баланың төртеуі жазылып шыққанын айтты. «Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың ішінде 45-і балалар. Олардың төртеуі ауруханадан жазылып, шығып қойған. Қалғандарының жағдайының дәрежесі жеңіл деп бағаланып отыр», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Айжан Есмағамбетова сонымен қатар коронавирус инфекциясын анықтау бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында экспресс тесттен кімдердің өтетінін айтты. «Қазіргі таңда елге 96 мың тест жеткізілді. Экспрес тесттер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүргізіледі. Тәулігіне 500-ден 1000-ға дейін тест жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар менің қаулыммен экспрес тесттен өтетін адамдардың санаты белгіленді. Олар: жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері, ЖРВИ белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған адамдар, коронавирус жұқтырған адаммен едәуір қарым-қатынаста болған адамдар, сондай-ақ өткізу бекеттері арқылы автоөткелдер мен теміржол өткелдерімен келген азаматтар, төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрген жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері», - деді ол.