Қазақ-қытай шекарасы маңында жер сілкінді
Қазақ-қытай шекарасы маңында жер сілкінді
Фото: Интернеттен алынды
2,253
оқылды
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 7 сәуірде Алматы уақыты бойынша 3 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 357 шақырым қашықтықта, Алматы облысының аумағында қазақ-қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8,6. MPV магнитудасы – 3,4. Тереңдігі – 25 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.