Оқушылар қашықтан оқиды
Оқушылар қашықтан оқиды
2,205
оқылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Бай­қа­дамовтың қатысуымен «Қа­шықтан оқытудың негізгі мә­се­­лелері» тақырыбында бри­­­финг өтті. Онда облыс әкі­­­мі­­нің орынбасары бүгін­нен бас­­тап оқушыларға 4-тоқ­сан­ды қа­шық­тан оқытуға фор­ма­ты бас­­тал­­ғанын айтты. – Облыс бойынша 293 мек­тепте 161 779 оқушы білім алады. Мектептің 78 пайызы ауылда орналасқан. Барлық педагог саны – 21 705. Оқушылардың элек­тронды құрылғылармен (ком­пьютер, ноутбук, планшет, смартфон) қамтамасыз етілуі­не және интернетке (ұялы бай­ла­ныс операторлары арқылы мобильді интернет) қосылуына мони­торинг жүргізілді. Электронды құ­рылғылары жетіспейтін отба­сыларына мектеп балан­сын­да­ғы компьютерлер уақытша пайда­лануға берілді. Қашықтан оқыту Білім және ғылым ми­нистр­лігінің нұсқаулығына сәй­кес әдіс­тер арқылы ұйым­дас­ты­рылады. Алғашқы әдіс бойынша «Балапан» және «Еларна» теле­арналары арқылы қазақ және орыс тілінде оқы­ты­лады. Бүгінгі күні Білім минис­т­р­л­ігі тарапынан бейнесабақтар дайын­далды. Жалпы, үш мың­нан аса сабақ көрсетіледі. Әр сабақтың ұзақтығы – 10 минут. Арнайы сабақ кестесі әлеуметтік же­лілер мен бұқаралық ақпарат құ­рал­дары бетіне жариялана­ды, – деді облыс әкімінің орын­­ба­сары. Телеарналар арқылы оқыту фор­матына облыстағы 73 847 оқушы қамтылады. Бейнеса­бақтарды барлық облыс оқу­шы­лары қосымша пайдалануда. Министрлік тарапынан телеса­бақтар интернетке жүктелетін болады. – Екінші әдіс – «Қазақ» ра­диосы арқылы оқыту. Бейне­сабақтардың аудио нұсқасы та­ратылады. Мұны да балалар қосымша тыңдап, мағлұмат алады. Үшінші әдіс – интернет арқылы оқу. Мұ­ғалім өзіне ыңғайлы интернет плат­фор­­маларды пайдаланады. Мы­салы, «Электронды күн­делік», «Дарын Онлайн» «Білім­лэнд» интернет ресурсында оқу­шы­лардың білім алуына қа­жетті контент жеткілікті. Онда бей­не­сабақтар, тестілеулер, әдіс­те­мелік нұсқамалар жүктелген. Пайдалану тегін. Бұл жерде мы­на мәселеге назар аударсақ, қа­шықтан оқыту дегенді онлайн оқыту деп шатастырмауыз қажет. Қашықтан оқытуда мұғалім кері байланысты электронды почта, электронды күнделік, WhatsApp мессенджерін пайда­ланады. Электронды күнделік жур­налын пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда әр мұғалім қағаз түріндегі журналды қол­данады. Интернеті және ұялы бай­ланысы жоқ елді мекенде кері бай­ланыс алдын ала дайын­далған тапсырмалар үйлеріне санитарлық қауіпсіздік талап­тары сақтала отырып, жет­кі­зілетін болады. Облыста мұндай елді мекендер саны 25-ті құ­райды. Ондағы мектепте 2 696 оқушы білім алады, – деді облыс әкімінің орынбасары.    width=    Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы