Ресейде бір тәулікте мыңнан астам адам COVID-19 дертін жұқтырған
Ресейде бір тәулікте мыңнан астам адам COVID-19 дертін жұқтырған
© РИА Новости
244
оқылды
Ресейде бір тәулікте 1 154 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуын алдын алатын жедел штаб өкілдері айтқан.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде COVID-19 жұқтырғандардың саны 7 497-ге жеткен. Коронавирус 81 өңірде тараған. Басылымның мәліметінше, бір тәулікте 11 адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 1,21 миллионнан асып, 67,6 мыңнан аса адам қайтыс болған.