«Масканы таңғы сағат 7-ден бері шешпей тағамын» – медбике жылап тұрып видеоүндеу жолдады
«Масканы таңғы сағат 7-ден бері шешпей тағамын» – медбике жылап тұрып видеоүндеу жолдады
Фото: Интернеттен алынды
209
оқылды
Англиядағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін медбике видеоүндеу жариялады, – деп жазады The Guardian. Ширли Уоттс есімді медбике көзіне жас ала отырып, жұмыс істеп жүрген ауруханада дәрігерлердің жетіспейтінін айтты. Індет медбикелердің өміріне қауіп төндіріп жатқанын да айтты.
«Түріме қараңыздаршы. Маска тағып жүргеннен мұрным тітіркеніп кетті. Оны таңғы жетіден бері шешпей тағып жүрмін. Жағдай ушығып жатыр. Ауруханада да жағдай қиын. Қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз», – дейді медбике.
Медбикенің айтуынша, инфекцияның таралуының алдын алудың тек бір ғана жолы – үйде отыру.   https://youtu.be/m1W5n2q5EcQ
«Біз адам өмірін сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Сіздерді және сіздердің жақындарыңыздың өмірін аман алып қалуға тырысып жатырмыз. Сіздердің менің дәл осы жағдайдағы түрімді көргендеріңізді қалаймын. Адамдарға мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінгенін қалаймын», – дейді ол.
Еске сала кетейік, бүгінде Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 6 000-нан асқан , ал вирус жұқтырғандардың саны – 55 мың.