Әскери міндеттілерге жұмыс дайын
Әскери міндеттілерге жұмыс дайын
267
оқылды
Президент Қ.Тоқаев­тың Жарлығына сәйкес арнайы жиынға шақырыла бастаған әскери міндетті азаматтар елімізде бо­луы мүмкін су тасқы­ны­ның алдын алуға жұ­мыл­дырылуы мүмкін. Бұл жайында Ішкі істер ми­нис­трлігі Төтенше жағ­дайлар ко­­митеті төрағасы Владимир Беккер айтты. Әрі төтен­ше­лік­тердің та­ратқан мәлі­мет­­теріне қара­ғанда еліміз­дің бір­қатар аймағын көк­­темгі қа­р­ғын су басу қаупі бар. Әрине, көктемгі су тас­қыны мен өзге де табиғи не­­месе тех­ногенді апаттар ке­зінде Қарулы Күштердің түр­лі құры­лым­да­рының тиісті жер­лерге тартылып, зардап­тың салдарын жоюға немесе апаттың алдын алуға қа­­тыс­тырылуы қалыпты тә­жірибе. Әлем елдерінің кө­­бінде бар. Қазақстан да мұн­дай тәсілдерді ішінара қол­данады. Дегенмен биыл ел тарихында алғаш рет жария­­ланғандықтан, әскери мін­дет­тілерді арнайы жиынға шақыру ісінің сипаты бөлек. Әу баста коронавирустың тарауына байланысты блок-бекеттерге, карантин немесе дезинфекция жұмыстарына тартылуы мүмкін еді. Әскери міндеттілердің негізгі жұмысы енді су тасқынымен күрес болайын деп тұрған тәрізді.
Әрине, тө­теншеліктер су тасқынының ал­дын алу үшін барын салып жат­қа­нын айтады. Бірақ әс­кери мін­дет­тілерді су тасқы­ны­ның алдын алуға жұмсау мүм­кін­дігін жоққа шығармайды. «Егер мұн­дай қажеттілік туын­дайтын бол­са, әрине біз оларды да жұ­мыл­дыра­тын боламыз. Әзірше оның қа­­жеттілігі болмай тұр. Өзіміз­дің де қолымыздан ке­ліп жа­тыр. Жер­гілікті атқару­шы ор­гандар, аза­маттық қор­­ғаныс орган­дарының бөлім­шелері, Ұлт­тық ұлан бар, – деді Владимир Беккер.
Комитет төрағасы әскери міндеттілерді су тасқынымен күреске жұмылдырудың қа­жеті жоқ екенін айтады. Бірақ оқи­ғаның қалай өрбитінін болжау қиын екенін де естен шығармаған дұрыс. Оның үстіне Төтенше жағ­дай қыз­­меті әлі күнге қажет­ті техни­ка­лармен толық қамта­ма­сыз етілмегенін де ескеру ке­­рек. Осыдан екі жыл бұрын олар­дың тиісті техникасының үлесі қажетті құрал-жабдық­тың 34 пайызын ғана құрай­тын. Одан бері әрі кетсе 50 пайызға жеткен шығар. Әйтпесе ол деңгейге де шыға қойған жоқ. Сондықтан бұл қызметтің қосымша адам кү­шіне бәрібір мұқтаждығы бар.
Айтпақшы су тасқыны де­мекші, тиісті құрылымдар қа­лып­тасуы мүмкін жағдайдың алдын алу бағытында не істеп жатқандарын да айтқан. Тө­тен­ше жағдайлар комитетінің деректеріне қарағанда қазіргі таңда біз сөз басында айтып өткен үш облыста көктемгі қарғын судың қаупі сақталып отыр екен. Олар – Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қа­зақстан облыстары. Дегенмен жағдай тұрақты екенін айтады төтеншеліктер. «Су тасқыны Ақмола, Сол­түстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыс­та­рында болуы ықтимал. Он­ың алдын алу мақсатында төтенше жағ­дай­лар комитетінің аумақ­тық бөлімшелері жергілікті ат­қару­шы органдармен бірлесіп, су өткізу құбырларын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Олар мұзды тазарту, ері­ген суды бұру және сору, бөгет­терді нығайту бо­йынша жұ­мыс жүргізіп жатыр», – де­лін­ген комитеттің ресми хаба­р­­­ла­масында. Ме­кеме ма­ман­дары сең жүріп, арналар­­ды бітеп қалуы мүм­кін аймақ­тарда жарылыс ұйымдас­­тырды. Бұл туралы «Еліміздегі бар­лық өзен­де 138 жарылыс жа­сал­­ды, 14,73 тонна жарыл­ғыш зат пай­да­ланылды. 11 807 шақы­­рым арық пен арналарды таза­лау жұмыстары жүргізілді» дейді мамандар.
Сонымен қатар комитет мә­ліметі бойынша өңірлерде 168 435 шақырым қорғау бөгеттері салынған. Су тас­қыны қаупі жоғары 426 ша­қырымға созылған өзен арна­сының жағалары бе­кітіліп, түбі тереңдетілді. 186,7 ша­қырым су бұру арналарын ор­нату, еріген суларды сору бо­йын­ша жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Қысқасы, су тас­қынының алдын алуға бары­мызды салып жатырмыз. Ал бұл іске әскери міндеттілер тар­тылар болса, ол да қажет­тілік. Әскери мін­дет­тілердің еңбегі елеусіз қалмай­тыны тағы бар. Ақысы төленеді.  

Ардақ СҰЛТАН