Вице-министр Қостанай облысында ауылдар су астында қалғанын айтты
Вице-министр Қостанай облысында ауылдар су астында қалғанын айтты
Фото: Интернеттен алынды
249
оқылды
Қостанай облысында қар еріген соң, 60 үй су астында қалған. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. «Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауылда 60 үйді су басты. Кеше эвакуация жұмыстары жүргізілді. Бүгін таңертең 60 үйдің басым бөлігінен су сорғымен тартып шығарылды. Шамамен 30 үйге тұрғындарды қайтаруға болады. Ертең кешке дейін қосымша жұмыстар жүргізіледі. Менің ойымша, бұл қауіптің алдын алуға септігін тигізеді», – деді вице-министр. Бұған дейін 3 өңірде дауылдан 400-ге жуық ғимарат қирап, кейбірінің шатыры ұшып кеткеннін айтқан болатын.