Коронавирус жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау болып шықты
Коронавирус жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау болып шықты
© Pixabay
217
оқылды
COVID-19 вирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау болып шықты . Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны туған балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті.
"Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды", – деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.
Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.