Әлемге ауыртпашылық түсірген індетті бірлесе жеңеміз
Әлемге ауыртпашылық түсірген індетті бірлесе жеңеміз
219
оқылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуін жариялаған болатын. Аталған үндеуде Елбасы барша қазақстандықтарды тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дертін ауызбіршілігіміздің арқасында жеңетінімізді айтып, халықты сабырға, ынтымаққа, бірлікке шақырды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және оның филиалдарының дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқандығына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Қандай қиындық болмасын ғылым мен технология өз дамуын тежемеуі қажет. Біз барынша алға ұмтылып еңбекті ұйымдастырудың креативті әдістерін игеріп, тығырықтан шығу жолдарын іздеуіміз керек. Бүгінгі күні Академия және оның филиалдарының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қашықтықтан жалғастыруы, түрлі ақпараттық технологияларды игеруі, профессорлық-оқытушылық құрамның онлайн тренингтер мен дәрістер арқылы тәжірибе алмасып, өз  кәсіби құзіреттіліктерін шыңдауы – бірлік пен табандылықтың арқасында жүзеге асуда. Біздің алдымыздағы ендігі міндет – қиындықтан қайыспай шығуға бірлесе әрекет ету. Әлемге ауыртпашылық түсірген індетті төзімділік, ауызбіршілік  және  болашаққа деген сенімнің арқасында жеңеріміз хақ.