Су басу қаупі жоқ
Су басу қаупі жоқ
230
оқылды
Қарағанды облысының ау­ма­ғында қар мол түскеніне қарамастан, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Облыс әкім­дігі су тасқыны қаупі бар 174 елді мекен қатаң бақы­лауда деп хабарлады. Облыс ау­дандарында құтқару қыз­метінің алты тобы кезекшілік етуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, биыл Қара­ғанды облысында жауын-шашын мөл­шері нормадан бірнеше артық түсті. Бұл облыс тұрғындарының жыл сайын су тасқыны қаупінен зардап шегуіне әкеліп соғатын. Биыл құтқарушыларға көктемде ауа райының қолайлы болуы да септесті.
– Қазіргі уақытта мұздар еріді. Түнгі температура плюс, қар қар­қынды еруде. Облыстың басым аумағында қар көп жауғанымен, өзен арнасымен ағып кетуде. Елді ме­кендер үшін қауіп жоқ. Су қой­малары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізіледі, – деп ха­барлады Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Тапсырманы мүлтіксіз орын­дауға ауа райы да көмектесті: күндіз жылы, түнде салқын біртіндеп қар еріп, жер сіңіріп үлгерді. Сонымен қатар алдын алу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, ТЖ қызметтері тәулік бойы жұмыс істеді. Қарды шығарды, мұзды жарды, су өткізу құрылғыларын тазалалады, қорға­ныс құрылыстары нығайтылды. Жазғы уақытта өзен арналарын та­залап, қорғау біліктерін орна­тып, оларды нығайту жұмысы жүргізілді. Су тасқыны қаупі бар аймақ­тарда жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Өңірдегі су тасқынына қатысты жағдай туралы облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлек­паев және Төтенше жағдай  депар­­таментінің басшысы Ибрагим Күл­шім­баев бри­финг өткізді. Құтқарушылар тікұшақпен облысты айналып өтіп, жағ­дай­ды бақылауда. Көктем шық­қалы олар аймақты әуеден 5 рет ба­қылап шықты. Космо­мони­торинг көмегімен аймақта қар жамыл­ғысының ауданы қадағаланды. Облыстың негізгі су қоймаларында еріген су ағыны артты.
– Іске асырылып жатқан ша­­ра­­лардың арқасында су тас­қыны кезеңі қалыпты өтіп жатыр. Бұл – аймақтағы өзендердің 18 учаскесінде мұзды жару, су қой­маларынан қадағаланатын төгінділер жүргізу, су өткізу құбыр­ларын тазалау секілді жұмыстар. Біз теміржол және автомобиль жолдарында барлығы 4 900-ден астам құбырды тазаладық, – деді Төтенше жағдай  департаментінің басшысы Ибрагим Күлшімбаев.
Ол Төтенше жағдай департа­менті қажетті техникамен толық жабдықталғанын атап өтті. Жеке құрам гидрокостюммен, қорғаныш костюммен, бетпердемен, қол­ғаппен және газқағармен қам­тылған. Төтенше жағдай режиміне қарамастан, өңірде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Оған Төтенше жағ­дай департаментінің, облыс әкімді­гінің, басқармалар мен өңірлік қызметтің мамандары кіреді. Қандай да бір елді мекен тұр­ғындарын көшіруге тура келсе, оны төтенше жағдай  режиміне қарамастан хаттамаларға сәйкес көшіреді. Дегенмен су басу қаупі жоқ, – деді мамандар.    width= Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы