Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі сәуірдің соңына, мамырдың басына тұспа-тұс келуі мүмкін
Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі сәуірдің соңына, мамырдың басына тұспа-тұс келуі мүмкін
© inform.kz
227
оқылды
ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі қашан келуі мүмкін екенін жариялады. «Біздің ғылыми орталықтарымыз дайындаған болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі сәуір айының соңына, мамыр айының басына тұспа-тұс келуі мүмкін. Ол кезде шамамен коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мыңға жетуі ықтимал», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 979 адамға жетті. Оның ішінде 110 адам жазылып шыққан. 12 адам көз жұмды.