Экспресс-тестпен тексеру кезінде 64 адамның ағзасы коронавирусты өздігінен жеңгені белгілі болды
Экспресс-тестпен тексеру кезінде 64 адамның ағзасы коронавирусты өздігінен жеңгені белгілі болды
2,207
оқылды
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында үш мың экспресс-тест алынды. Бұл туралы ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлім етті. «Коронавирус бойынша экспресс-тест Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шекаралардағы санитарлық-өткізу пунктерінің бәрі де экспресс-тестпен қамтамасыз етілген. Ол жерде кіргендердің бәріне экспресс-тест жүргізіледі. Одан бөлек біздің меценаттардың қаражатымен 270 мың тест сатып алынған болатын», - деді Людмила Бюрабекова. Комитет төрағасының айтуына қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі экспресс-тесттен өтуі тиіс азаматтардың санатын айқындап, бекітіп қойған. «Бүгінгі күні 3 136 экспрес-тест жүргізілді. Оның 354-і Қазақстанның автокөлік бекеттерінде, 2782-і медициналық ұйымдарда жасалды. 64 адамда антидененің бары анықталды. Яғни, олардың бәрі коронавирус инфекциясымен ауырып, жазылып кеткендер. Оларды енді ары қарай бекітілген алгоритм бойынша ПТР-тесттен өткіземіз», - дейді ол. Еске сала кетсек, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалары 13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус бойынша тегін тестен өтуге болатынын жария еткен болатын.