Ақмола облысында ертеңнен бастап көлік қозғалысы уақытша тоқтайды
Ақмола облысында ертеңнен бастап көлік қозғалысы уақытша тоқтайды
© 24.kz
2,242
оқылды
Ақмола облысында ертеңнен бастап қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал, бүгін кешкі сағат 21.00-ден кейін тек ресми тіркелген таксилер жолаушыларға қызмет көрсете алады. Мұндай шектеу жеке көліктерге де қатысты. Бұл шара 25 сәуірге дейін күшінде болады. Тұрғындар да бейсауат жүрмеуі тиіс. Тек күндізгі уақытта азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін шығуға рұқсат. Сосын 500 метрден әрі аса алмайсыз және далада жарты сағат қана жүруге болады. - Біздің қызметкерлердің қолындағы планшетте «Сергек-блокбекет» деп аталатын деректер базасы бар. Міне, сол жерде кімдердің жүріп-тұра алатыны көрсетілген. Бұл, әрине, бірінші кезекте азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды тасымалдайтындар. Олардың бәрі алдын ала базаға тіркелген. Бүгін кешкі сағат 21.00-ден бастап біздің қызметкерлер бәрін тоқтатып, тексере бастайды, - деді облыстық жергілікті полиция басқармасының басшысы Серік Баймұқанов.