42 500 теңге беретін жалған телеграм-боттар көбейді
42 500 теңге беретін жалған телеграм-боттар көбейді
© inform.kz
2,189
оқылды
42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтінім берерде жалған телеграм-боттардан сақ болыңыз, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Телеграм мессенджерінде "42 500" әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғаны мәлім. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауды ресми түрде ескертеді. 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы ғана беруді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді талап етпейді. Өтінім беруге арналған ресми боттардың тізімі: 1. https://t.me/Help42500Bot 2. https://t.me/NurSultan42500Bot 3. https://t.me/Almaty42500Bot 4. https://t.me/Shymkent42500Bot 5. https://t.me/JambylObl42500Bot 6. https://t.me/Kostanai42500Bot 7. https://t.me/Karagandy42500Bot 8. https://t.me/Atyrau42500Bot 9. https://t.me/Turkistan42500Bot 10. https://t.me/Aqtobe42500Bot 11. https://t.me/Pavlodar42500Bot 12. https://t.me/Mangystau42500Bot 13. https://t.me/ZKO42500Bot 14. https://t.me/Qyzylorda42500Bot 15. https://t.me/SKO42500Bot 16. https://t.me/VKO42500Bot 17. https://t.me/AlmaObl42500Bot 18. https://t.me/Akmol42500Bot