Алматыда Covid-19 жұқтырған жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді
Алматыда Covid-19 жұқтырған жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді
© сурет интернеттен алынды
159
оқылды
Алматыда Covid-19 жұқтырған жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді. Жүктіліктің 39-аптасындағы әйел науқаспен байланыста болған адам ретінде Орталық клиникалық қалалық ауруханаға 13 сәуірде жеткізілген. Талдау нәтижесінде оның коронавирус жұқтырғаны расталды. 15 сәуірде дәрігерлер кесарь тірлігімен әйелді босандырған. Дүниеге салмағы 3,5 келі ұл бала келді. Бұл әйелдің екінші баласы екен. «Баладан шұғыл түрде анализ алынды. Нәтижесінде вирус жұқтырмағаны анықталды. Қазір нәресте балалар бөлімінде жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Баланың анасының жағдайы жақсы. Жақында инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. Дәрігерлер анасы жазылғаннан кейін ғана баласын бермек.