Коронавируспен ауырғандарды қадағалайтын қосымша шығады
Коронавируспен ауырғандарды қадағалайтын қосымша шығады
Фото: Интернеттен алынды
363
оқылды
Еуропаның сегіз мемлекеті коронавируспен ауырғандарды қадағалап отыратын арнайы қосымша әзірлеп жатыр, – деп хабарлайды «Хабар 24». Бағдарлама смартфон иесінің соңғы екі аптада дертті жұқтырған адамдармен байланыста болғанына сараптама жасайды.  Францияда сәуір айының соңында Үкімет қолдаған осы жоба бойынша парламенттік тыңдау өтеді. Apple және Google компаниялары осы бағдарламаны жазуға көмектескісі келетінін жеткізген. Бұл қосымша блютуз арқылы түскен деректі сараптай отырып, коронавируспен ауырғандарға жақындаған кезде смартфон иесіне белгі береді. Адам оны өз еркімен жүктеп, пайдалана алады. Дегенмен бұл жоба Франция жұртшылығының наразылығын тудырған. Кейбір тұрғындар өзінің қайда барғанын аңдып отыруды құп көрмейді екен.